×

Досаев Алматы көшелерін жарықтандыру мәселесі 2025 жылға дейін шешілетінін айтты

Қала әкімінің айтуынша, қаланы жарықтандыру 2024 жылы 85%-ға жетеді

 Халық үні 21.12.2023 | 14:21
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2025 жылға қарай көшелерді жарықтандыру мәселесі толық шешіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қала әкімінің айтуынша, тамызда Алмалы ауданы әкімдігінің жарық бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Нәтижесінде өтінімдерге жауап беру уақытын 4 есеге (20 тәуліктен 5 тәулікке дейін) қысқартуға мүмкіндік туған.

4 830 шам ауыстырылды, 49,3 шақырым сыртқы жарықтандыру желісі қалпына келтірілді. Нәтижесінде Алмалы ауданында жанбайтын жарықтың үлесі 47%-дан 25%-ға дейін төмендеді. Алмалы ауданының тәжірибесін ескеріп, қарашада қалған 7 аудан «Алматы Қала Жарық» мекемесімен келісімшарт жасасты. Сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз етуге қазір аудандар жауап береді. Бұл қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге ықпал етеді.

Досаевтың айтуынша, қаланы жарықтандыру 2024 жылы 85%-ға және 2025 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама