×

Алматыда 2,5 миллионнан астам ағаш отырғызылады

Бір көшет отырғызуға арналған бюджет 6 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін ұлғайтылды

 Халық үні 21.12.2023 | 14:20
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2030 жылға дейін 2,5 миллионнан астам ағаш отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Жыл басынан бері Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері қабылданды. Соған сәйкес көшеттердің биіктігі кемінде 2-2,5 м болуға тиіс. 1 көшет отырғызуға арналған бюджет 6 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл сомаға жасыл желекті сатып алу, отырғызу және сапалы күтім мен 3 жыл суаруды қамтамасыз ету кіреді, - деді Ерболат Досаев.

Суару үшін 2022-2023 жылдары 34 су жинау құрылысы салынды. Соның ішінде 29 ұңғыма мен 5 су жинау, тамшылатып суару жүйесі жүргізілді – 200 шақырымнан аса аумақ 500 мыңнан астам ағашты қамтиды.

Биыл Алматының көгалдандыру жоспары 320 мың екпені құрайды. Жалпы пайдалану аумақтарында барлығы 2,8 млн ағаш өседі, оның ішінде 79,6 мыңы кесіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама