×

Қазір Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жүргені белгілі болды

Еңбек мигранттары негізінен 4 елден келеді

 Еркеғали Болатұлы 20.12.2023 | 16:08
фото: socialistrevolution.org

Қазақстанда 13,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 870 шетел азаматы еңбек етеді, - деп жазылған хабарламада.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 131 адам (29,7%), Үндістан – 1 281 адам (9,2%), Түркия – 1 249 адам (9%), Өзбекстан – 969 адам (6,9%).

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 460 адам (24,9%), ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 649 адам (11,8%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 300 адам (9,3%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1 266 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 782 адам (5,6%).

2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Еске сала кетсек, бұған дейін биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 мың 534 шетел азаматы еңбек ететінін жазған болатынбыз. Қазір олардың қатары 664 адамға азайған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама