×

Құлсарыда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

Жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етіп отыр

 Айнұр Асылбекқызы 23.05.2022 | 23:37
коллаж: Halyq Uni

23 мамырда Атырау облысының Құлсары қаласында халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ететін «БатысТехИнвест» ЖШС жұмысшылары еңбекақының төмендігіне наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қалды.

Автобустың жоқтығынан мыңдаған адам жұмысқа жаяу қатынады. 

«Автобустардың болмауынан таңертең балабақша, мектепке уақытында жете алмай, қиналып қалдық. Жұмысыма да кешігіп жеттім. Таксилер болса, бағаны көтеріп жіберді. Маршруттық автобустарға не болған? Айналғанда қарапайым халық зардап шегіп жатыр», - дейді Құлсары тұрғындарының бірі.

Жылыой ауданының әкімдігі жүргізушілердің наразылық шарасына қатысты пікір білдірді. 

«БатысТехИнвест» ЖШС-де 150 адам жұмыс істейді, оның 75-і жүргізуші (14 күндік жалақысы 140 мың теңге) және 75-і кондуктор (еңбекақысы 90 мың теңге). Жұмысшылар жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп отыр. ЖШС басшылығы қазіргі уақытта бұл талаптарды орындай алмайтынын хабарлады. Осыған байланысты қала әкімдігі қосымша субсидиялар туралы мәселені шешуде, есептеулер жүргізіледі. ЖШС қызметкерлері басшылық жалақыны көтеру туралы шешім қабылдаған бойда жұмысқа шығатындарын айтты», - деп хабарланды әкімдігінен. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама