×

Ақтау қаласының тұрғындары үйлерінде тоңып отыр - әкім түсінік берді

Жылу жүйелерінде ауа қалып қойған

 Еркеғали Болатұлы 18.12.2023 | 15:19
фото: Lada.kz

Ақтауда тұрғындар пәтерлерінің суықтығын атып, шағымданып жатыр. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жағдайға қатысты қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев түсінік берді. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Тұрғындардың айтуынша, жылу магистралінде 10 желтоқсанда болған апаттан кейін пәтерлердегі жылу төмендеп кеткен. Ал қала әкімі аяз бен тозып кеткен инженерлік жүйелер коммуналдық проблемаларға әкелгенін айтады.

Магистральдық құбырда апат болды. Соның салдарынан кейбір шағын аудандарда жылу айналымы бұзылды. Біз барлық көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу бердік. Әрине, тұрғындардың шағымдары бар, себебі жылу желілерінде айналым жоқ, - деді әкім.

Оның айтуынша, жылу жүйелерінде ауа қалып қойған.

Жоғарғы шағын аудандарда 16-19 қабатқа дейін жететін көпқабатты ғимараттар, онда бүкіл айналымды қамтамасыз ететін қуатты жылу сорғылары бар. Мұндай жағдай жақында 27-шағын ауданда болды. Содан кейін біз тез арада жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін 19, 16, 17 шағын аудандарды тексеруге тура келді. Бірқатар үйде сорғыларды өшірдік. Осының арқасында біз 27-шағын ауданда жылыту мәселесін жолға қойдық.

Бірақ магистральдық құбырдағы апат бүкіл жылу жүйесін бұзды. Қазір біз апаттың салдарын жойып жатырмыз», - деп түсіндірді Ұлықбек Тінәлиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама