×

Сот адвокаттардың Гүлмира Сатыбалдыны ақтауды сұраған шағымын қарады

Ол бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталған болатын

 Еркеғали Болатұлы 18.12.2023 | 13:44
фото: ашық дереккөз

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот жаңа шешім шығарды.

Апелляциялық процесс Гүлмира Сатыбалдының адвокаттарының шағымын қарады. Олар оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруды қамтымайтын жаза тағайындауды сұраған. Үкімге өзгерістер енгізілді.

Алайда бұл өзгерістер Гүлмира Сатыбалдыға әсер еткен жоқ. Апелляция Қызылорда қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы және бас маманы Тұрсын Байменов пен Ғалымжан Жаңаділовке 441 миллион теңге жымқыру бойынша қосымша жаза белгіледі. Екеуіне де өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Гүлмира Сатыбалды туралы айтатын болсақ, алқа өзінің алғашқы үкімін күшінде қалдырды. Ол колонияда 8 жыл айыбын өтеуге тиіс, – делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды 389-баптың 3 және 4-бөлігі («Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше іске асыру») мен 125-баптың 2-бөлігі 1 және 8-тармақтары («Пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау») бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ Гүлмира Сатыбалды «Құрмет» орденінен айырылады. Сонымен қатар, сот оны кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке 6,5 миллиард теңгені өтеуге міндеттеді.

Сот жазаны өтеуді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде тағайындау туралы шешім қабылдады. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Гүлмира Сатыбалдының жазасын өтеу мерзімі 2022 жылғы 16 наурыздан бастап қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеу кезінде қамауға алудың бір күні есебімен күшіне енгенге дейін есептеледі.

Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге жұмсалған қаражатты жымқыру, басып алу және ұрлау істеріне қатысты айыпталған.

52 жастағы Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Ортақ 3 баласы (ұлы Бауыржан және екі қызы Аружан мен Дария) бар.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыны қамауға алғаннан кейін арада бірнеше күн өткенде Гүлмира Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталды. Прокурордың айтуынша, тергеу барысында ол Қазақстаннан қашуға тырысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама