×

Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды (ВИДЕО)

Екі тұрғын дәрігерлердің бақылауында

 Ая Өміртай 17.12.2023 | 11:42
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды, деп хабарлады Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 желтоқсанда кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып, олар суға түсіп кетті. Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минутта жеткен.

Құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды. Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шүкіманов пен Руслан Қожахметов мұз үстімен жай жүріп, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді. Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды, – делінген хабарламада.

Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама