×

БҚО-да ауыл тұрғындары 3 жыл бойы су ақысын жоғары тарифпен төлеп келген

Прокуратура 600-ден аса абоненттің құқығын қорғады

 Динара Амантай 15.12.2023 | 16:27
Фото: ortalyq.kz

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокурорлары мен ауылдық округ тұрғындарының кездесуі кезінде кейбір ауылда ауыз су тарифінің субсидияланбайтыны анықталды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Жаңадан салынған су жүйелері 2019-2020 жылдары мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілгеніне қарамастан, қажетті техникалық құжаттар уақтылы рәсімделмеуіне байланысты объекті теңгерімге алынбай, субсидия алуға құжаттар тапсырылмаған.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігіне прокурорлық акті енгізіліп, нәтижесінде 3 жыл ішінде рәсімделмеген құжаттар реттелді. 2023 жылдан бастап Трекин елді мекеніндегі текше метр үшін ауыз су бағасы 90 теңгеге дейін төмендетілді, – делінген хабарламада.

Осылайша, 600-ден аса абоненттің құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама