×

Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды

 Еркеғали Болатұлы 15.12.2023 | 12:58
фото: capiton-mebel.ru

Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы, 29 жастағы келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел 5 желтоқсанда ауруханаға «жедел фарингит» диагнозымен түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болады, – делінген хабарламада.

Осы жайтқа байланысты Махамбет ауданының полициясы Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі («Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы») бойынша іс қозғады. Сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама