×

10 игі іс: еріктілер Астана тұрғындарына аязда қалай көмектесіп жүр

Акция қыс бойы өткізілетін болады

 Динара Амантай 12.12.2023 | 17:00
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Аязға және ауа райының нашарлауына байланысты елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еріктілер аялдама кешендерін аралап, кондукторларға, жүргізушілер мен жолаушыларға тәтті-дәмділер ұсынып жатыр.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Мәселен, аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

Қазір қалада аяз күшейіп тұр. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Осындай игі әрекеттермен біз айналамызда жылы, достық қарым-қатынас орнатамыз, жастарға қайырымдылықты насихаттаймыз. Акция қыс бойы өткізілетін болады, біз барлығын бізге қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз, – деді Айзат Әли.

Сонымен қатар еріктілер автокөлік иелерін кішкентай балалары бар әйелдерді тегін тасымалдауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама