×

Ішкі істер министрі полиция капитандарының 14 жастағы қызды зорлағанын растады

Олар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды

 Еркеғали Болатұлы 11.12.2023 | 14:50
фото: Halyq Uni

Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге Ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады.

Өкінішке орай, бұл факті болған. Бұл қылмысты жасағандар – бұрынғы қызметкерлер. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, олар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды, – деді Ержан Сәденов.

Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын жеткізді. «Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?» деген сұраққа: «Иә, мен растаймын», – деп жауап берді ол.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі («Зорлау») бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама