×

Ақмола облысында жас жігіт үйлену тойына ақша табу үшін ұрлық жасаған

25 бас мал ұрланған

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2023 | 14:15
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында үйлену тойына ақша табу үшін ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер Целиноград ауданында мал ұрлығымен айналысқан тағы бір адамды ұстаған. Бұл екеуі сыбайлас болып шықты. Тергеу кезінде олар Талапкер ауылында 25 бас малды ұрлағанын мойындады. Аудандық полицияға ұсақ малды ұрлау туралы өтініштер 6 желтоқсанда түсті. Малын ұрлатқандардың бірі белгісіз адамдар өзінің 20 бас ұсақ мал ұрлап, 1 млн теңге шығын келтіргенін айтты.

Екінші жәбірленуші де сол елді мекеннің тұрғыны болып шықты. Ол да 5 бас малын ұрлатқанын жасырмады. Оның малы 300 мың теңгеге бағаланды. Осы екі оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы («Мал ұрлығы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу кезінде ұсталған адамдар елді мекенге жалға алынған автокөлікпен келіп, малды ұрлап, сойғып алғанын мойындады. Полиция заттай делдемелер ретінде ұрланған малдың терілері мен сатып үлгермеген үш тұтас етті тәркіледі.

Осындай қылмыстық жолмен ұсталғандардың бірі үйлену тойына ақша тапқысы келгенін айтты. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Шортанды ауданында осыған ұқсас қылмыс болған. Ол да жан-жақты тексеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама