×

«Әділдік жолы» РҚБ Шымкент қаласы бойынша филиалының жетекшісі марапатталды

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі 2020 жылы құрылған

 Халық үні 08.12.2023 | 10:01
фото: facebook / Айжан Кесебаева

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының жетекшісі, Қоғамдық кеңес мүшесі Айжан Кесебаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» тұғырнамасын қолдау мақсатында 2020 жылы 18 қарашада құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамдық бірлестіктердің қатысуы көзделген.

«Әділдік жолы» РҚБ мақсаты – жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мақсатында қызмет ететін үкіметтік емес қоғамдық ұйым.

2021 жылдың қыркүйегінде «Әділдік жолы» РҚБ қызметін кеңейтіп, Қазақстанның әр өңірінен 17 филиалы ашылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама