×

«Әділдік жолы» ұжымы жемқорлыққа қарсы күресте елеулі үлес қосқаны үшін марапатталды

Астанада жемқорлыққа қарсы форум өтті

 Ая Өміртай 05.12.2023 | 17:34
фото: Halyq Uni

Бүгін Астанада «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық форум өтті. Іс-шара Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне және БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20 жылдығына арналған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жаңа тәсілдер мен жұмыс нәтижелері туралы айтты.

БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы көптеген елдер үшін сыбайлас жемқорлықпен күресуддің біртұтас бағдары болды. Қазақстан конвенцияны 2008 жылы ратификациялады, - деп атап өтті агенттік басшысы.

Іс-шара соңында Агенттік басшысы ведомство қызметінің даму бағытында белсенді үлес қосып жүрген бірқатар қоғам өкілдерін марапаттады.

Арнайы марапатқа ие болған ұйымдардың бірі – «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2020 жылы құрылды. Басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мақсатында қызмет ететін үкіметтік емес қоғамдық ұйым.

Біздің команда құқық қорғау органдарында көп жыл жұмыс істеген, тәжірибелі мамандардан құрылған. Өйткені жемқорлыққа қарсы күресу ерік-жігер мен кәсібилілік маңызды, - деді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов.

Айта кетелік, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 14 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген. Сонымен қатар, бірлестіктің өтініші негізінде 68 қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама