×

37 адам зардап шеккен: елордада екінші ауысымдағы оқушылар да онлайн оқиды

Қалада травматологиялық пункттердің жұмысы күшейтілді

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2023 | 13:46
фото: astanatv.kz

Астанада екінші ауысымдағы даярлық сыныбынан 9-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары да қашықтан оқиды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 5 желтоқсанында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көктайғақтан зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берді.

5 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты азаматтар қалалық ауруханалардағы медициналық көмекке жүгінген. Сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін 37 шақырту түскен, ол азаматтардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылмаған, - делінген хабарламада.

Ведомство қалада травматологиялық пункттердің жұмысы күшейтілгенін мәлімдеді. Сондықтан жарақат алған жағдайда дереу медициналық пункттерге хабарласу қажет.

«Бүгінде 4, 5, 6, 7, 9 10-қалалық емханаларда 4-ші санаттағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады басқармадағылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама