×

«8 мыңға жуық азаматтан өтініш түсті»: Дидар Смағұлов жемқорлықпен күресудің жолдарын айтты

Сарапшы жемқорлықтың алдын алу үшін «Әділдік жолы» РҚБ нендей жұмыс атқарып жатқанын баяндады

 Ая Өміртай 30.11.2023 | 12:46
фото: Halyq Uni

Астанада «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: тәжірибесі және перспективалары» атты форум өтіп жатыр. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов азаматтық қоғам және жемқорлықтың алдын алу жолдары мен тиімді әдістері туралы айтты.

«Қоғамдық бақылаудың маңызды ақпарат көздерінің бірі – азаматтардан тікелей өтініштерді қабылдау. Бүгінде бізде халықпен байланысудың бірнеше тиімді арнасы бар: әлеуметтік желілердегі тұрақты байланыс орнатудан бөлек, бізде call-орталық (560), adildik.kz сайтында өтініштерді қабылдайтын арнайы бөлім (3150) жұмыс істейді, сондай-ақ тұрақты негізде жеке қабылдаулар жүргізіледі (4245). Жұмыс барысында бізге 8 мыңға жуық азамат хабарласты. Бұл атқарылып жатқан жұмысқа деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алулар туралы ақпараттың қолжетімді болуын атап өту қажет. Бұл қоғамдық ұйымдар үшін мониторинг процесін айтарлықтай жеңілдетеді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов.

Сарапшының пікірінше, қоғамдық бірлестік арқылы Қазақстанның кез келген азаматы биліктің ақшаны қайда жұмсап, бюджет есебінен қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын біле алады.

Бүгінде кез келген қазақстандық мемлекеттің ақшаны қайда жұмсап, бюджет есебінен қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын, оны тексеру мен бақылаудың қандай параметрлері барын біле алады. Азаматтардан алынған барлық ақпарат пен сондай-ақ тәуелсіз мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға біздің тараптан хаттар жолданады, - деп атап өтті Дидар Смағұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама