×

«Өтпей жатыр»: Алматы облысында шаруалар жүгерінің 60 пайызын жинай алмады

Олар мәселені талқылау үшін Парламентке шақырылатын болды

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2023 | 14:25
фото: kazakh-zerno.net

Алматы облысында жүгері өсіретін шаруалар шығынға батты, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Себебі өнімге сұраныс азайып, 2 есе арзандап кеткен. Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биыл небәрі 60 теңгеден аспайды. Бұл диқандардың ала жаздайғы еңбегі мен шығынын мүлде өтемейді.

Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалығы жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерді. Облыста жиналған жүгеріні сақтап, кептіретін қойма тапшы. Шаруалар содан қиналады.

Шелек аумағында қазір 40% ғана жүгері шабылды. Қалған 60% сол күйінде полелерінде тұр. Неге десеңіздер, шаруа қожалықтарына өткізетін жер жоқ. Қазіргі жүгерінің бағасы оның ылғалдылығына байланысты. Мысалы, Шелек ауылында үлкен ХПП тұр. Соны халық игілігіне беріп, жаратса болатын еді ғой, - дейді шаруа қожалығының басшысы Мунардин Османов.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, шаруалар мәселені талқылау үшін Парламентке шақырылатын болды.

«Сауда министрлгі, Ауылшаруашылығы, Экология министрлігі, Жер мәселесі комитетінің өкілдері барлығын отырғызып, сол жерде жауабын береміз», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама