×

«Ұлттық сезім» акциясын қолдауға журналистер де қосылды

«Халық үні» медиа-холдингі тілшілері акцияға атсалысып, жұмысқа ұлттық киіммен келді

 Гүлбаршын Нұрхан 01.12.2023 | 18:51
фото: Halyq Uni

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап «Ұлттық сезім» флешмобы басталды. Бұл бастаманы «Халық үні» медиа-холдингіне қарасты «ХАЛЫҚ ҮНІ», «ГОЛОС НАРОДА» және «СҰРАУЫ БАР» ұжымдарының журналистері де қолдап, редакция кеңсесіне ұлттық киіммен келді.

«Халық Үні» медиа-холдингінің директоры Ринат Кертаев ұжымдағы тілшілер мен операторлар мұндай игі бастаманы қолдауға әрдайым дайын екенін айтты.

«Еліміздегі қандай игі жоба, жақсы позитивті флешмобтар болса, оны белсенді қолдап, бірден атсалысатын қауым – қаламгерлер, журналистер. Біздің «Халық үні медиа» холдингіне қарасты «Халық үні», «Голос народа», «Сұрауы бар» редакцияларының ұжымы бірден белсенді қолдап, жұмысқа ұлттық киіммен келіп, акцияға іс жүзінде үлес қосып жатыр. Осы акция басталардан біраз бұрын анонстық материалдар беріп, түрлі форматта контент ұсынып келе жатырмыз.

Осы жобаны насихаттауға біздің медиа-холдинг ұжысмы ғана емес, басқа да отандық журналистиканың өкілдері, медиа қызметкерлер мен әрбір азамат атсалысу керек. Кез келген игі бастаманың бірден насихаты қатты болмауы мүмкін. Егер отандық ақпарат кеңістігіндегі әріптестеріміздің бәрі бірден жұдырықтай жұмылып, бірлік танытып, корпоративтік рухты көрсетіп, осы игі жобаны жарнамаласақ. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемнің түкпірінен хабар таратсақ, қазақтың ұлттық киімін киіп, оны насихаттайтын азаматтардың саны көп болады деген ойдамын», - деді Ринат Кертаев.

Медиа-ходинге қарасты редакцияларда жұмыс істейтін журналистер ұлттық киім өндіретін брендтерді үнемі қолдап жүретінін айтты.

Қазір заманауи ұлттық киімдерді тігіп жүрген брендтерге үнемі қолдау білдіріп жүремін. Тек ауызша ғана қолдау көрсетпей, өзім де киіп жүргім келеді. Болашақта үйдегі гардеробымды ұлттық киімдермен толықтырамын деп ойлаймын. Осындай игі бастаманы көтерген азаматтарға алғыс, - деді «Халық үні» ақпарат порталының шеф-редакторы Еркеғали Бейсенов.

Ал «Голос народа» порталының тілшісі Алина Мороз ұлттық киіммен жүргенде өзін еліміздің патриоты ретінде сезінетінін айтты. Ол барша қазақстандықтарды осы бастаманы қолдауға шақырды.

Ұлттық киімді киген кезде мен өзімді еліміздің патриоты сезінемін. Бұл флешмоб өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені, біздің ұлттық мәдениетіміз дамуы үшін қолдау керек. Барша қазақстандықтарды осы флешмобты қолдауға шақырамын, - деді Алина Мороз.

Айта кетейік, бұл бастамаға мұрындық болған азаматтар әр аптаның жұмасында жұмысқа ұлттық киіммен келу дәстүрге айналып, бұл акцияның бұқаралық сипатқа ие болады деп күтеді. Жобаның мақсаты – ата-бабамыздың дәстүрі мен тарихы арқылы ұлттық киімді дәріптеу, ұлттық брендті нығайту.

Бұл бастаманы Kusto Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp, AQ Group компаниялар тобы, Ұлттық спорт қауымдастығы мен оған мүше федерациялардың қызметкерлері де қолдап, жұмысқа ұлттық киіммен келді. ф

Серіктес жаңалықтары

Сараптама