×

«Өлімге алып келеді». Министр қызылшаға қарсы екпе алғысы келмейтіндерге ескерту жасады

Инфекция жұқтырсаңыз, бірден дәрігерге хабарласыңыз

 Дәурен Ерболат 28.11.2023 | 10:13
фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы екпе алғысы келмейтіндерге ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылшаға қарсы вакцинадан бас тарту көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, В гепатиті сияқты вакцинамен басқарылатын ұмытылған инфекциялардың өршуіне әкеледі, - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Осыған байланысты министр ата-аналарға кеңес берді.

«Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға балаларының вакцинациясын тексеріп, уақтылы иммундау шараларын қабылдауды ұсынады. Дене температурасының жоғарылауы, мұрыннан судың ағуы, әлсіздік, бөртпе сияқты қызылша ауруының белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізбен емделмеңіз, вакцина туралы сенімді ақпаратты қолданыңыз», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама