×

Шымкентте жалған адвокат алимент сұраған әйелді 7 млн теңгеге алдаған

Күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 28.11.2023 | 10:20
Көрнекі фото

Шымкентте жалған адвокат бұрынғы күйеуінен алимент өндіріп алғысы келген әйелді алдап, 7 млн теңгесін алып кеткен.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, әйелден қомақты ақша алған. Содан кейін ақшаны қалтасына басып, көмек сұраған адаммен хабарласпай кеткен.

Жедел уәкілдер алаяқты іздеп, оны көп ұзамай тапқан. Күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама