×

Жақын туыстарым тендерге қатыспайды – Асайын Байханов

Олардың ешқайсысы не мемлекеттік қызметте, не квазимемлекеттік секторда еңбек етпеген

 Дәурен Ерболат 27.11.2023 | 15:32
фото: ОКҚ

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов туған балалары мен жақын туыстарының тендерге қатыспайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, балалары мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді.

Менің 4 балам бар. Екеуі мектеп жасында, қалған екеуі – ересек. Олар университетті тәмамдаған. Балаларым не мемлекеттік қызметте, не квазимемлекеттік секторда емес, жеке секторда жұмыс істейді. Балаларым (ересек) Алматыда тұрады. Қызым тұрмысқа шыққан. Олар ешқашан бюджеттік немесе мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істемеген, - деді Асайын Байханов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ облыс әкімі жақын туыстары тендерге қатыспайтынын атап өтті. Себебі олар бизнесте жұмыс істеп жүр. 

«Жалпы туыстарымның ешқайсысы не мемлекеттік қызметте, не квазимемлекеттік секторда еңбек етпеген. Олардың барлығы жеке секторда жұмыс істейді. Менің екі әпкем, бір ағам бар. Ата-анам – зейнеткер. Сондықтан мемлекеттік қызметте жақын туыстарымның ешқайсысы жоқ. Жақын туыстарымның ешқайсысы мемлекеттік тапсырысқа қатыспады деп сенімді түрде айта аламын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама