×

Павлодарда 2 жасар қыз маскүнемдікке душар болған

Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2023 | 14:00
фото: Halyq Uni

Павлодарда 2,5 жастағы сәби маскүнемдікке душар болған. Ол маскүнем анасының әрекетінен зардап шеккен. Бұл жөнінде сол отбасының көршілері дабыл қаққан.

Баланың маскүнемдікке душар болғанын бәрі біледі. Сыра ішеді, арзан шараппен ұйықтатады. Отбасын бірнеше күннен бері бақыладық. Қызметкелердің бірі келіп, ұрысып берген соң, кетіп қалды, - дейді еріктілер.

Павлодар облыстық ПД мәліметінше, оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерлері аттанған.

Шешесінің алкогольді ішімдіктерге әуес екені, қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Ювеналды полиция қызметкерлері анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, - деп түсіндірді облыстық ПД өкілдері.

Қазір бала Сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасындағылар қызды дәрігерлер тексеріп, облыстық балалар ауруханасына жолдама бергенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама