×

Қос азаматтығы бар 54 адам жауапқа тартылды

Өзге елдің азаматтығын алсаңыз, полицияға төлқұжатты тапсыруды ұмытпаңыз

 Дәурен Ерболат 27.11.2023 | 10:45
Фото: Sputnik / Евгений Биятов

Қарағанды облысында қос азаматтығы бар 54 адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Облыстық ПД көші-қон полициясы басқармасы және оның аумақтық бөлімшелері қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Биыл өңірде қос азаматтықтың мыңнан аса фактісі тіркелді. Оның ішінде 54 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қолданыстағы заңға сәйкес, Қазақстанның азаматтығын алған немесе шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам азаматтық алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстанның төлқұжаты (паспорт) мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті. Бұлай істемесе, әкімшілік жауапқа тартылып, елден шығарылады, - деді көші-қон полициясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Уәлиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама