×

Атырауда алаяқ жігіт жұртты әйелдің даусымен қалай алдап жүргенін көрсетті (ВИДЕО)

Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды

 Еркеғали Болатұлы 24.11.2023 | 14:55
фото: citysakh.ru

Атырауда дауысын өзгертіп, адамдардан ақша алған 27 жастағы ер адам ұсталды. Ол телефон арқылы адамдарды қалай алдағанын полицейлерге көрсетті, деп хабарлады ІІМ Telegram-арнасы.

Ведомство мәліметінше, 18 қарашада криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Hi-Tech іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 1996 жылы туған күдіктіні ұстаған.

Күдікті 27 жастағы ер адам болса да әртүрлі үнге дауысын өзгертіп, жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтерді жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 мың теңге аударған, - делінген хабарламада.

Полиция тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы барын анықтады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама