×

Екібастұзда пәтер өртеніп, балалар құтқарылды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 24.11.2023 | 10:44
Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұзда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, балалар анасымен бірге құтқарылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға кеше 17:08-де болған. Қаладағы №6 өрт сөндіру бөліміне Королев көшесі, 84 мекенжайында пәтерден түтін шығып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатынан шыққан. Мамандар 3 бөлмелі пәтердің ас бөлмесінде жалпы ауданы 5 шаршы метр жерде заттар мен жиһаз, тұрмыстық техниканың жанғанын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Өрт салдарынан қою қара түтін көрші пәтерлерге тарап, кіреберісті түтін басқан.

№6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы, азаматтық қорғау лейтенанты Мерхан Балтабеков және №2 өрт сөндіру бөлімінің командирі, азаматтық қорғау старшинасы Асылхан Сартымбеков баспалдақты пайдаланып, пәтерге терезе арқылы кірген. Олар үйден 3 бала (5 айлық сәби, 1,7 жасар, 4 жасар) мен анасын алып шықты, - деп жазылған хабарламада.

Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама