×

130 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонын» таңдаған

Бүгінде «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар

 Динара Амантай 22.11.2023 | 11:50
Фото: t.me/railways_kz

Осы жылдың 10 айында 130 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонын» таңдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген. 2021 жылдың 3 айында әйелдердің неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарын қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап 13 мыңнан астам жолаушы «әйелдер вагонымен» сапарлаған.

Бүгінде «әйелдер вагоны» төмендегі 8 жолаушылар пойызы құрамында қатынап жүр:

  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны;
  • №351/352 «Алматы – Өскемен» №10 купе вагоны.
  • №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны;
  • №37/38 «Маңғыстау – Семей» №06 купе вагоны;
  • №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны;
  • №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1» №06 купе вагоны;
  • №4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
  • №71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

Айта кетсек, «Әйелдер вагонында» 7 жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама