×

Талдықорғанда шетелдік азаматты ұрып-соққан күдікті ұсталды

Аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 21.11.2023 | 11:28
Фото: Halyq Uni

Талдықорғанда шетелдік азаматты ұрып-соққан күдікті анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 қарашада қалалық полицияға алыс шетелдің 28 жастағы өкілі жүгінген. Өз мәлімдемесінде ер адам өзін қалалық супермаркеттердің бірінде ұрып-соққан белгісіз адамға шара қолдануды талап етті. Тәртіп сақшылары бір сағат ішінде күдіктіні анықтап, ұстады.

Талдықорған полициясының мәліметінше, ұсталған азамат Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл жайт түнгі уақытта болған.

 Қазір ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама