×

Астанада жаңа спорттық киімді киіп алған жігіт дүкеннен қашып кеткен

Бейнежазбаға қарағанда, ол жұмысшыларды өзінің жеке киімімен жүргеніне сендірмек болған

 Еркеғали Болатұлы 21.11.2023 | 11:00
фото: дереккөз

Астанада киім дүкеніне келген жігіт сондағы спорттық костюммен қашып кеткен.

Сатушылардың айтуынша, ол дүкенге кіріп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алған. Шығар кезде оның үстінен ұрлыққа қарсы магнит қосылған. Бейнежазбаға қарағанда, қаскүнем жұмысшыларды өзінің жеке киімімен жүргеніне сендірмек болған, содан кейін дүкеннен қашып кеткен.

Қаланың 27 жастағы тұрғынының бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда тұрғыны кінәсін мойындады, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама