×

Павлодар тұрғыны кішкентай қызына азғындық жасамақ болған қаскөйді ұстап алды

Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан пышақ табылды

 Еркеғали Болатұлы 20.11.2023 | 14:24
фото: static.life.ru

Павлодарда ер адам 11 жастағы қызды кездесуге шақырған. Ол өзінің арам ойын іске асырмақ пиғылмен өзін 11 жастағы бала етіп көрсеткен.

30 жастағы ер адам кішкентай қызға өзінің интимдік фотосуреттерін жіберіп, одан дәл солай жауап беруін сұрай бастаған. Жәбірленуші қыздың отбасы бұл оқиғаның көптің назарына іліккенін қалайды.

Қыздың анасы олардың хат алмасқанын көріп қояды. Арам пиғылды азаматты анықтау үшін әкесі онымен қызының атынан жазып, сөйлесе бастаған. Ер адам мектептің жанында кездесуге келісіп, сол жерде оны қыздың әкесі мен достары қолға түсірген. Олар жігітті полицияға тапсырды.

Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан пышақ табылған, ал телефонынан өзін-өзі қанағаттандырумен айналысқан сексуалдық бейнеролик анықталған.

Күдікті 17 қарашада ұсталған. Полиция оның үстінен «Кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықсыз қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама