×

Қостанай облысында полицей көлден 84 жастағы кейуананы құтқарды

Өкінішке қарай, ол ауруханада көз жұмды

 Динара Амантай 18.11.2023 | 16:04
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында учаскелік полицей 84 жастағы әйелді көлден алып шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлернің мәліметінше, оқиға бүгін Әулиекөл ауданында болған. Таңертең 102 телефонына Аманқарағай кентінің тұрғынынан су айдыны жақтан көмек сұрап тұрған дауыстың естілгені туралы қоңырау түсті. Хабарлама бойынша дереу көлге жеткен учаскелік полиция инспектор Ғабит Байжанов соққан желдің себебінен көмекке шақырған дауысты жақсы ести алмаған. Көлді жағалай жүріп, ол дыбыс көлдің ортасынан шығып жатқанын түсініп, бірден киімімен суға секірді. Ғабит Байжанов әйелді жағаға сүйреп шығарды. Ауыл тұрғындары әйелді үйге жеткізуге көмектесіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді.

Қарт кісінің көлдің ортасында қалай жеткені анықталып жатыр.

Кейінірек дәрігерлер, өкінішке қарай, әйел ауруханада қайтыс болғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама