×

Назарбаев үндеу жасады: «Ұзақ жыл ауырды, бірақ бізге қиналғанын білдіртпеді»

Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында созылмалы ауру салдарынан қайтыс болды

 Халық үні 17.11.2023 | 17:01
фото: "Салиқалы ұрпақ" қорғамдың қорының сайты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған бауыры Болат Назарбаевтың қазасына қатысты халыққа үндеу жасады.

Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.

Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді, - делінген үндеуде.

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасына байланысты бірқатар елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдағанын атап өтті. Одан бөлек, еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түскен.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғысын бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтты.

Еске сала кетейік, 13 қарашада 71 жасқа қараған шағында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама