×

Ұлттық валютаға – 30 жыл: елімізде қанша Теңге, Теңгебай бар?

Актенге және Ақтеңге есімдері де көп кездеседі

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2023 | 15:36
фото: asyldin.kz

15 қарашада Қазақстанда «Ұлттық валюта» күні атап өтіледі. 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді.

Алайда «теңге» – біреулер үшін ақшаны білдіретін жай ғана сөз емес, сондай-ақ есім. Tengri Life елімізде мұндай есімді қанша адам бар екенін анықтаған.

Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 72 адам болса, Теңге есімімен 12 адам тіркелген.

Сондай-ақ Тенгебай есімді 10 қазақстандық, ал Теңгебай есімімен 3 азамат тіркелген. Актенге (90 адам) және Ақтеңге (56) есімдері де кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама