×

Жыл басынан бері 600-ге жуық мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

Арнайы есепке алу органдарында 48 мыңнан астам тексеру тіркелген

 Динара Амантай 15.11.2023 | 12:39
Фото: facebook.com/GenProkRK

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және аранайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, биылғы 10 айдың статистикалық мәліметтеріне сай, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында 48 мыңнан астам тексеру тіркелген. Олардың әрбір екіншісі кәсіпкерлерге қатысты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексерулердің көп бөлігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы, өртке қарсы қауіпсіздігі, еңбек қатынастары, салық салу саласында жүргізілді. Прокурорлар бұзушылықтардың болуына байланысты бизнеске қатысты 269 тексеруді тіркеуге жол берген жоқ. Көбіне жер ресурстарын басқару (34), төтенше жағдайлар бойынша (27), санитарлық-эпидемиологиялық бақылау (26), мемлекеттік кіріс (17) органдарымен тағайындалған тексерулерді тіркеуден бас тартылды.

Жалпы, прокурорлар мемлекеттік органдармен негізсіз тағайындаған 916 тексерудің, оның ішінде бизнес субъектілеріне қатысты 627 тексерудің жолын кесті. Мемлекеттік органдардың 575 лауазымды тұлғасы тексерулерді тіркеу және есепке алу саласында жол берілген бұзушылықтар үшін әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Тексерулерді есепке алу мен тіркеудің барлық процесі «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) ақпараттық жүйесінде цифрландырылған. Ол тіркеу сатысында бизнесті заңсыз тексерулерден қорғауды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама