×

Түрмеде ер адам терроризмді насихаттағаны үшін қайта жазаланды

Ол кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазасын 2018 жылдан бері өтеп жатыр

 Динара Амантай 14.11.2023 | 14:22
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша К. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 17 қазанда Тараз қалалық сотында ер адам Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 9 қарашада сот үкімі заңды күшіне енді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Анықталғандай, сотталушы жазаларын өтеуші адамдардың арасында радикалды идеологияны таратқан. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Айта кетсек, сотталған кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазасын 2018 жылдан бері өтеп жатыр.

ҰҚК материалдары бойынша, 2023 жылдың басынан ҚАЖ мекемелерінде терроризмді насихаттағандары үшін 5 адам әртүрлі жаза өтеу мерзімдеріне кесілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама