×

Астанадағы альпинистердің қазасы: күдікті қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 14.11.2023 | 10:52
Фото: Halyq Uni

Биыл 12 қазанда Астана қаласында 4 өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болған еді.

Аталған дерекке қатысты полиция департаменті ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігіне («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасын жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Құқықбұзушылыққа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама