×

Екібастұзда әйелін ұрып-соққан күдіктіден қару-жарақ тәркіленді

Пәтерден бірнеше тапанша мен 6 пышақ табылған

 Дәурен Ерболат 13.11.2023 | 11:54
Фото: aa.com.tr

Екібастұз қаласында отбасының берекесін қашырған ер адамнан қару-жарақ пен пышақ тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полицияға екібастұздық әйел хабарласып, 1-7 қараша аралығында өзіне дене жарақатын салған жұбайына шара қолдану керектігін айтқан. Сондай-ақ ол ер адамның қару сақтайтынын ескерткен.

Тәртіп сақшылары 31 жастағы ер адамға жұбайына дене жарақатын салғаны үшін 30 тәулікке қорғау нұсқамасын шығарып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Әйелге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі сотқа жіберіледі, - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Сондай-ақ оқиға орнына Екібастұз қаласы ПБ және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері де жұмылдырылды.

Тінту іс-шаралары барысында ер адамнан 3 патроны бар, Stalker М908 тапаншасы тәркіленді. Одан бөлек, пәтерден 6 пышақ пен белгісіз маркалы тапанша табылды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама