×

Қазақстанда «Туристік қамқор» мобильді қосымшасы жасалды

Мұндай жағдайда азаматтарымыз өздерінің елі қорғайтынын білуі керек, - дейді қор жетекшісі Инна Рей

 Айнұр Шошаева 12.11.2023 | 11:20
фото: tdk42.kz

«Туристік Қамқор» қоры қазақстандық туристерге көмектесуге мүмкіндік беретін арнайы мобильді қосымша жасады, деп хабарлады Halyq Uni.

Қордың тапсырысымен «Туристік Қамқордың» мобильді қосымшасы жасалды. Қазақстандықтар бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатып, кез келген уақытта кіріп туристік операторлар мен туристік кодты тексере алады. Сондай-ақ туризмге қатысты шағымдана алады. Біз ол проблеманы шешуге көмектемесіз, - деді «Туристік Қамқор» қорының жетекшісі Инна Рей.

Оның айтуынша, аталған қосымша шетелде демалуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға туристік агент пен туристік жолдаманы тексеруге мүмкіндік береді. 

Біз қазақстандықтарға шетелде демалатын кезде бірінші кезекте туристік кодтың барына көз жеткізуге кеңес береміз. Туркод болуы керек, әрі ол жалған емес, заңды екеніне көз жеткізіп алған абзал. Мысалы, Жаңа жыл сияқты мереке – халық көп демалатын, әдемі жерде қарсы алуға тырысатын кез. Тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде жолаушылар ағынының динамикасы артады. Бұл кезде түрлі проблемаларға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда азаматтарымыз өздерінің елі қорғайтынын білуі керек. Бұл тек туристік код болса ғана мүмкін болады. Туристік код болса, көңілі қалаған, бағасын қалтасы көтеретін кез келген елде демала алады, - деп толықтырды ол сөзін.

Сонымен қатар ол туристік код пен туристік агенттер туралы ақпаратпен қордың сайтынан танысуға болатынын еске салды. Онда кепілдік жүйесінде жұмыс істейтін турагенттердің тізімі бар. 
Еске сала кетсек, «Туристік Қамқор» қорының мақсаты – туроператордың, туроператор-әуе кемесімен жалданушының міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған кезде шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге жедел қайтаруды қамтамасыз ету.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама