×

Сәтбаевта 23 ақбөкеннің ұшасы табылды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 11.11.2023 | 10:01
Фото: видеодан скриншот

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, атылған ақбөкендер қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында табылған.

Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленді. 33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталып, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама