×

Кәсіпкерлер ауыл оқушыларының сапалы білім алу мәселесін талқылады

Бүгінде бағдарлама түлектері беделді университеттерде оқып жатыр

 Дәурен Ерболат 09.11.2023 | 19:11
Фото: IQanat

Астанада IQanat Community Forum өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиынға мұғалімдер, түлектер, IQanat білім беру бағдарламасының оқушылары, белгілі бизнесмендер, сарапшылар қатысты. Олар ауылдағы оқушылардың сапалы білім алу мәселесіне талқыға салды.

Біз IQanat жобасын бастағанда үш адам болдық. Бүгін арамызда 140-тан аса кәсіпкер бар. Мен бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі ең үлкен және бірегей жоба екенін айтқым келеді, - деді кәсіпкер Сергей Кан.

Айта кетейік, аталған жоба қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен іске асады. IQanat ауылдағы оқушыларға сапалы білім беруді көздейді. Бағдарлама іске қосылғалы бері жүздеген оқушы Қазақстан және шетелдегі үздік университте оқуға мүмкіндік алды. Бүгінде олар әлемнің 15 елінде білім алып жатыр: АҚШ, Канада, Литва, Италия, Польша, Гонконг және тағы басқа елдер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама