×

Семейде түнде тәртіп бұзған әйел полицейді де балағаттап тастады

Ол - қаланың 30 жастағы тұрғыны

 Динара Амантай 09.11.2023 | 14:29
Фото: Halyq Uni

Семейде әйел полицейге балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, түнгі сағат 02:00 шамасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына түскен полицейлерге облыс орталығында көңіл көтеру орындарының бірінде мас күйдегі әйелдің өзін агрессивті ұстағаны туралы хабарлама келіп түскен. Қала 30 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің ескертуін елемей, сонымен қоса балағат сөздер айтты. Патрульдік полиция батальонының көмекке келген экипажын әйел байыпты қабылдамады.

Полицейлер арнайы құралдарды қолданып, тұрғынды көлікке отырғызып, медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізді. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны орта дәрежелі мас күйінде болған.

Қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі полицейлерді қорлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 378-бабымен («Билік өкілін қорлау») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама