×

Қызылорда прокуратурасы 1,7 млрд теңгені бюджетке қайтарды

Қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол берілмеді

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2023 | 10:01
Коллаж: gov.kz/Қызылорда облысының прокуратурасы

Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады аталған ведомство.

Соның нәтижесінде облыс орталығында орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды.

Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Одан кейін жол жөндеудің талаптарына қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігі Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған, – деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.

Осы сияқты заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелерін күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңге болатын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама