×

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары Қызыл кітапқа енген ағашты кесіп тастаған

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 08.11.2023 | 17:30
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары Қызыл кітапқа енген ағашты кесіп тастаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мәртөк ауданы полиция бөлімінің және ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осы ауданның Хазірет ауылына жақын жерде ағаш тиеп келе жатқан екі тракторды тоқтатқан. Көлік тізгінінде 53 және 56 жастағы ауыл тұрғындары болды. Тексеру барысында тракторлардың тіркемесіне тиелген талдың жартысының Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін қара ольха ағашы екені анықталды.

Жүргізушілердің айтуынша, бұл ағаштарды олар жақын аумақтан кесіп алып, отынға пайдаланбақ болған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық тұрғындарды қоршаған ортаға, табиғат байлықтарына ұқыпты, жауапты қарауға шақырады және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін заңсыз пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама