×

Ақтөбеде полицейлер 25-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды

Тәртіп сақшылары онымен 1 сағат бойы әңгіме жүргізген

 Динара Амантай 04.11.2023 | 14:15
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде полицейлер 25-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерелрінің мәліметінше, 3 қараша түскі мезгілде тәртіп сақшылары Мөлдір Асылбаева мен Ақасыл Дәулет жұмыс бабымен 11-мөлтек ауданда орналасқан «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатып, 25-қабаттан секірмек болған адамды байқап қалған.

Полицейлер бірден 25-қабатқа көтерілген кезде, қасына адамдарды жақындатпай, өзіне қол жұмсағалы тұрған қатты эмоционалдық күйдегі әйел адамды көріп, алдымен әңгімелесу арқылы оны дереу тыныштандыруға көшкен. 32 жастағы әйел полицейлерге жақын туыстарының қазасынан және жақын адамдары мен отбасы мүшелерімен туындаған келіспеушіліктер салдарынан өмірден түңіліп, осындай қадамға барғанын жеткізді.

Полиция қызметкерлері әйелді сабырға шақырып, оған көмектесетінін, қиын жағдайдан шығуға көмек беретінін айта отырып, 1 сағаттан астам әңгімелесу жүргізіп, нәтижесінде әйелді бұл қадамнан бас тартуға көндіріп, аман алып шықты.

Әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама