×

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Тұман түсіп, күн күрт суиды

 Дәурен Ерболат 03.11.2023 | 16:35
Фото: akzent.zp.ua

Синоптиктер 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон өтеді. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Шығысқа қатты жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, жел күшеюі мүмкін.

4 қарашада батыстан антициклон жылжиды. Сондықтан түстен кейін жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -3-15 градусқа төмендейді. Күндіз -3 градус және +8 градус болады. Сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -2 градус суық, +5 градус жылы, таулы аймақтарда -5-10 градус, күндіз +5-15 градус болады.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңті уақытта тұман түседі деп болжанған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама