×

Ганди саябағын абаттандыру аяқталуға жақын: Досаев жұмыс барысын тексерді

Алматы әкімі Алмалы ауданын аралады

 Халық үні 02.11.2023 | 16:14
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралау барысында Ганди атындағы саябаққа барды. Қала басшысы «Халық қатысатын бюджет» аясында қолға алынған саябақтағы абаттандыру жұмысының барысымен танысты. 

Жамбыл – Жароков – Шевченко – Гагарин көшелерінің аумағындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықты реттеу, жол төсемін қалпына келтіру және ойын алаңдарын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Олар үшін Ганди саябағы бос уақыт өткізуге, демалуға таптырмас орын. Саябаққа күн сайын 2 мыңнан астам адам келеді. Ойын алаңдары мен воркаутты жаңарту, демалыс аймақтарын, саябақта жүгіру жолдарын жасау жөніндегі ұсыныстарды «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасында дауыс беру кезеңінде қала тұрғындары белсенді қолдады.

Саябаққа барған кезде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев қала басшысына жұмыстың үш бағытта жүргізілгені туралы баяндады. 80%-ға саябақта көгалдандыру бойынша міндеттер орындалды, кабельдік желінің және жарықтандыру тіректерінің зақымдануын ауыстыру аяқталып келеді. Абаттандыру жұмыстарының дайындығы 90%: саябақта әткеншегі бар 17 пергола, жарық тартылған 6 беседка, 3 шахмат үстелі, 5 ауыз су бұрқағы орнатылған. Сонымен қатар аудан әкімінің айтуынша, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін иттерді серуендетуге арналған аймақ ірі және кіші тұқым үшін бөлініп жасалды. Саябақтағы жұмысты осы жылдың 15 қарашасында толық аяқтау жоспарланып отыр, нысанға 90 адам жұмылдырылды.

Саябақты аралау барысында аудан тұрғындары Алматы әкіміне кішкентай балаларға арналған балалар алаңын бейімдеу туралы өтініш білдірді.

«Біздің әртүрлі жастағы балаларды біріктірген тәжірибеміз бар. Аймақтарды бөлу қажет, - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы аудан әкіміне осы мәселені пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Ерболат Досаев саябаққа келушілер үшін ыңғайлы соқпақтарды қарастыру қажеттігіне назар аударды.

Қалада тұрғындардың демалысы үшін ашылған тағы бір жобаны Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде аралады. Әуезов ауданындағы Жандосов көшесінің оңтүстігінде және Сүлейменов көшесінің шығысында жаяу серуендеу аймағын абаттандыру аяқталды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бүкіл аумақ жарықтандырылып, жасыл желектерді автоматты суару жүйесі орнатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама