×

Абай облысында қабан атқан тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Сот-сараптамалық биологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 02.11.2023 | 17:19
Фото: polisia.kz

Абай облысында заңсыз аң аулаған азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Үржар ауданының қорғалатын табиғи аумағында 45 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Нива автокөлігі тоқтатылған. Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан жабайы қабанның бөлінбеген ұшасы табылды. Ұсталған адамның оны атуға рұқсат құжаттары болмай шықты. Тұрғыннан 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық та тәркіленді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазір жануардың түрін анықтау және атылған қабанның жойылып кету қаупі бар-жоғын немесе пайдалануға тыйым салынған жануарды анықтау мақсатында сот-сараптамалық биологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар баллистикалық сараптама тағайындалды. Осы қылмыстық істің сараптамаларының қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама