×

Ұлытау облысында балалар арасындағы шығармашылық конкурс жеңімпаздары марапатталды

«Менің түсінігімдегі сыбайлас жемқорлық» тақырыбына сурет салу байқауы қорытындыланды

 Халық үні 01.11.2023 | 17:41
Фото: news20.kz

Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 7-16 жас балалар арасындағы «Менің түсінігімдегі сыбайлас жемқорлық» тақырыбына сурет салу шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау Қазақстан президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 жарлығымен бекітілген Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру және әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында BIRGEDAMYUSHIN Ұлытау облысы аумағы бойынша өтті.

Жеңімпаздар жоғары топ 12-16 жас және кіші топ 7-11 жас аралығындағы қатысушылар топтарынан іріктелді.

Жүлделі орындарға жоғары топтан Жанұзақ Нұрай — 1 орын, Болсынова Алуа Ерланқызы — 2 орын, Акпаева Аружан Қанатқызы — 3 орын, кіші топтан Айтбек Әділ Нұртілекұлы — 1 орын, Қожантай Тамира — 2 орын, Ахметова Еркеназ Сәбитқызы –3 орынға ие болды.

Айрықша көрермен көзайымы номинациясымен Оразалы Бейбарыс Жәнібекұлы марапатталды.

Сондай-ақ, ең кішкентай үздік қатысушы номинацияларымен Мақпұл Дамели Ернарқызы және Оразбекова Агния Динмухамбетовна марапатталды. Конкурсқа қатысушы барлық балалар жұбаныш сыйлықтармен мадақталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама