×

Екібастұзда тағы да біраз көпқабатты үй жылусыз отыр

Қалада жылыту маусымына дайындық жаз бойы жүргізілген болатын

 Еркеғали Болатұлы 01.11.2023 | 15:07
фото: Константин Шелков

Екібастұз қаласында жылу маусымы басталғалы 1 ай өтсе де 20 шақты үй әлі жылусыз отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Былтыр қаланың жартысы жылусыз қалса, биыл тағы біраз тұрғынға қосымша жылыту құралдарын қосуға тура келген.

Әкімдік 20 шақты үйдің жылусыз қалғанын растады. Қазір тұрғындардың шағымы тіркеліп, әр үй бойынша жеке комиссия құрылған.

Қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Амановтың айтуынша, қалада жылу мәселесінің 80 пайызы шешілген. Бірақ іске тұрғындармен бірге пәтер иелері кооперативі де атсалысуы керек.

Еске сала кетсек, Екібастұзда жылыту маусымына дайындық жаз бойы жүргізілген болатын. Өткен қыстағы коммуналдық апаттан кейін жылу электр орталығыдағы қазандықтар жөндеуден өтті. Қолданыстағы 400 шақырым жылу желісінің 74 шақырымы ауыстырылды. Қазір қаладағы көпқабатты 690 және 5 мың 700 жер үйге жылу толық жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама