×

ШҚО-да полицейді ағашпен ұрған тұрғын сотталды

Ол осылайша учаскелік инспектордың денсаулығына орташа зиян келтірген

 Динара Амантай 31.10.2023 | 12:31
Фото: polisia.kz

ШҚО-да ер адам полицейді ағашпен ұрған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкеріне шабуыл жасаған тұрғынын сот 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін Зайсан ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны азаматтық некедегі жұбайының өзіне күш қолданып, қоқан-лоққы көрсеткені туралы арызбен жүгінген. Ақпаратты алғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мән-жайды анықтау үшін аталған мекенжайға барған. Осы кезде жәбірленушінің бұрын сотталған 29 жастағы азаматтық некедегі күйеуі қайтадан қамауға алады деп қорқып, күшпен қарсылық көрсеткен.

Полицейдің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талабын масаң күйдегі ауыл тұрғыны елемеген. Бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескерткеннен кейін ер адам заң қызметкеріне қол жұмсап, оны ағаш таяқпен үш рет арқасынан және бір рет басынан ұрған. Ол өзінің іс-әрекетімен учаскелік инспектордың денсаулығына орташа зиян келтірген.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 380-бабы 5-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша енгізілді. Тергеу аясында күдіктінің кінәсы толығымен дәлелденді. Зайсан аудандық соты кінәлі азаматты 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама