×

Шахтадағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Қазірге дейін 36 кеншінің мәйіті табылды, 10 адамды іздестіріп жатыр

 Халық үні 29.10.2023 | 12:12
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер Мақажанов атындағы облыстық клиникаға және басқа да медициналық мекемелерге жеткізілді.

Қарағанды, Абай және Шахтинск қалалары стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізілді. Оның ішінде 24 адам емдеуге жатқызылды, - делінген ақпаратта.

20 адам «Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана» ШЖҚ КМК токсикология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Пациенттердің жағдайы қалыпты, детоксикациялық және симптоматикалық емдеу жүргізіліп жатыр.

Бір пациент жарақат алған, ол реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты, есін біледі.

Екі кенші улы газбен уланған, олар «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы» КМК терапия бөлімшесінде жатыр.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Шахтаға келе салысымен менің жетекшілігіммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника, марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіп жатқан 3 психолог жұмыс істеп жатыр. (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама